Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында төрт көпбалалы отбасына баспана берілді

2021 жылдың 24 тамыз 2021 21:09

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында төрт көпбалалы отбасы қоныстойын тойлайды. Көптен күткен баспаналарын оларға жергілікті меценат сыйғатартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы демеушінің көмегімен

Қарағанды облысында төрт отбасына үйлер мен пәтерлер сатып алды.

«Біздің орталық Қарағанды облысының көп балалы аналарына жан-жақты көмек

көрсетеді. Бүгінгі таңда біздің тізімде екі мыңға жуық отбасы бар. Олардың 30-ға

жуығы баспанаға мұқтаж. Өткен жылы демеушілік көмектің арқасында біз жеті көп

балалы әйелге тұрғын үй сыйға тарттық. Биыл да біз жеті отбасын бақытты етуге

ниеттіміз. Олардың төртеуі Қарағанды, Теміртау және Ақтастағы жеке үйлер мен

пәтерлердің кілттері мен құжаттарын алды», – деді Talbesik орталығы мен қоғамдық ұйымының басшысы Ләззат Қожахметова.




Демеуші өз есімін жарияламауды қалады. Бірақ ол барлық үміткерлерді және олардың қаржылық жағдайын жеке зерттеді, деп қосты ұйым жетекшісі.

Жаңа қоныстанушыларға «Шаңырақ» орталығында пәтер кілттері табысталды.

Салтанатты шара барлық санитарлық талаптар сақтай отырып өткізілді.


Жоғары қарай