Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Қарағанды облысында «Тұңғыш Президент жолымен» атты халық экспедициясы өтті

2020 жылдың 12 наурыз 2020 19:50

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы өтті. Делегация қатысушылары Елбасының еңбек жолы басталған Теміртау мен Қарағанды қалаларында болып қайтты. Бұл екі шаһар кездейсоқ таңдалған жоқ, мұнда Нұрсұлтан Назарбаев тұлға ретінде кәсіби қалыптасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, экспедицияның бастамашысы Қазақстан халқы Ассамблеясы болды. Жоба ҚХА-ның 25 жылдығына орайластырылған және Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы еліміздің Тұңғыш Президентінің ерен еңбегін қоғамдық санаға бекітуге бағытталған. Жобаның нышаны өңірлерге кезекпен кезек беріліп отыратын күнделік пен ту болды.




Акция былтырғы жылдың 28 қарашасында Нұр-Сұлтанда басталды. Іс-шара осыған дейін Алматы облысының Шамалған ауылында өтті. Қарағанды қаласынан экспедиция Алматыға аттанады, онда Елбасы жас саясаткерден тәуелсіз мемлекеттің Президентіне дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. Және де экспедиция онда бір ай болады. Сондай-ақ жобаға қатысушылар Украинада Каменское қаласына (бұрынғы Днепродзержинск) баруды жоспарлап отыр.

«Бір ай бұрын біз Тұңғыш Президенттің шағын отаны Шамалған кентінен эстафетаны қабылдаған болатынбыз. Ол елді мекеннен Елбасы кезінде мыңдаған жас мамандармен бірге Қазақстан Магниткасын салуға келген. Оның курстастарымен, достарымен және бұрынғы әріптестерімен қарым-қатынас жасай отырып, Теміртау, Қарағанды тұрғындары үшін және жалпы біздің өңіріміз үшін 20 жыл ішінде оның қаншалықты көп еңбек жасалғанына тағы да көз жеткіземін», - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.




Экспедиция атрибутикасын тапсыру рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев, Алматы халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Назар Бағымбаев, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Шоқан Тәжімұратов, Парламент Мәжілісінің депутаттары және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.




Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Елбасына арналған экспедиция ең табысты жобалардың бірі екенін атап өтті.

«Тұңғыш Президент жолымен» акциясы - тәуелсіздік жылдары құрылған ортақ құндылықтар негізінде бірлігімізді нығайтатын дүниетанымдық жоба. Бұл Қазақстанның барлық азаматтары үшін азаматтық борыштың, Отанға және халыққа шексіз қызмет етудің жарқын мысалы», - деп атап өтті ол.

Экспедиция қорытындысы Елорда күні қарсаңында өтетін халықаралық конференцияда 2020 жылдың 5 шілдесінде шығарылады.








Жоғары қарай