Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы 12%-ға өсті

2021 жылдың 12 мамыр 2021 06:37

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Алдын ала қорытынды бойынша, төрт айда 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беру күтілуде, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12,7%-ға өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй құрылысында біз өзімізге жоғары мақсат қойдық. Шамамен 700 мың шаршы метр, өткен жылдың деңгейіне қарағанда 1/4 есе өсумен. Ал алдағы үш жылда жылына миллион шаршы метрге шығуды жоспарлап отырмыз. Оң динамиканы сақтау қажет. Бюджет есебінен барлық көлемнің 15%-ы салынуда. Бұл әлеуметтік тұрғын үй. Қалғаны - коммерциялық тұрғын үй. Сұраныс бар, ал әкімдіктер тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері мен инфрақұрылымды қамтамасыз етеді», – деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте.

Экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқановтың айтуынша, облыста қаңтар-сәуір айларында 1 трлн 319,5 млрд теңге көлемінде өнеркәсіптік өнім өндіру күтілуде. Болжам бойынша, өңдеу өнеркәсібінде өсім 2%-ды құрайды.

Облыс әкімі әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларын орындау бойынша тапсырма берді. Өңірдегі экономикалық тұрақтылық пен жаңа жұмыс орындарын құру тәуелді салалар ерекше бақылауда қалып отыр, деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында 2021 жылға экономика өсімі 3,4% жоспарланған.


Жоғары қарай