Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған 43 адам қамауға алынды

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 00:08

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Облыс коменданты Ерлан Файзуллиннің ақпараты бойынша, өткен тәулікте полицейлер 13 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 43 адам әкімшілік қамауға алынды. Тоғыз бұзушыға айыппұл салынды, 335 ескерту жасалды.

Полиция қызметкерлері 21 тыйым салынған затты, оның ішінде 13 дана тегіс ұңғылы қаруды тәркіледі. Есірткі заттарын сақтаудың 6 фактісі анықталды.

ТЖ режимі кезінде полиция бөлімдеріне 5 шетелдік азамат жеткізілді. Олардың кейбірі ерекше режим талаптарын бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Екеуі көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Екі шетелдік сот шешімі шыққанға дейін арнайы қабылдау орнына орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшірілді.





Жоғары қарай