Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қарағанды облысында вирус жұқтырған екі адам бұрын ауырған науқастармен байланыста болған

2020 жылдың 25 сәуір 2020 18:35

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат- Қарағанды облысында бүгін екі адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына сілтеме жасап.

Вирусты жұқтырған адамдардың біреуі 1958 жылғы әйел адам, Қарағанды қаласының тұрғыны. Екіншісі 1976 жылғы әйел адам, Абай қаласының тұрғыны. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылған.

ПТР талдау нәтижелері бойынша екеуінде де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

2020 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде инфекцияны 113 адамның жұқтырғаны анықталған, оның ішінде біреуі қайтыс болды, 36 науқас жазылып шықты.


Жоғары қарай