Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам зардап шекті

2019 жылдың 30 шілде 2019 21:10

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 шілдеде «Алматы – Екатеринбург» автожолында «Шансиман» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жолдың қиылысынан өтіп бара жатқан «Ниссан Альмера» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ниссан Альмера» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы әртүрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.

Жол апаты дерегі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Жоғары қарай