Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

2021 жылдың 5 наурыз 2021 16:05

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы кентінің маңында «Газель» мен қалааралық автобус соқтығысты. Жарақат алған үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 наурызда түнгі сағат 1-лер шамасында Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы кентінен 30 шақырым қашықта «Алматы-Екатеринбург» автожолында «Газель» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «Тараз-Нұр-Сұлтан» бағытымен келе жатқан 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «VAN HOOL» маркалы автобуспен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан «Газель» автокөлігінің жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы, сондай-ақ 37 жастағы автобустың екінші жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жол апаты кезінде автобуста төрт жолаушы болған», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін сақтауды және жылдамдықты асырмауды ескертеді.


Жоғары қарай