Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысындағы мектептерде инклюзия қолдайтын кабинеттердің саны артты

2021 жылдың 20 тамыз 2021 20:53

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өткен оқу жылында Қарағанды облысында ерекше балаларға қажетті жағдай жасаған мектептер саны 343-тен 370-ке дейін өсті. Инклюзивті білім берумен қамту 73%, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Тамыз кеңесінде онлайн режимінде Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтып берді.

«Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметіне педагог-ассистенттердің 59 штаты енгізілді. Аутистік спектрдің және ментальдық, мінез-құлықтық ауытқулары бар балалардың саны үнемі өсіп келе жатқанын ескере отырып, соңғы екі жылда облыстың сегіз мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды, оның төртеуі – «Болашақ» қайырымдылық қорымен бірлесіп іске қосылды. Инклюзивті тәжірибе бойынша оқытудан өткен педагогтардың үлесі 32-ден 60%-ға өсті», – деп хабарлады Гүлсім Қожахметова.

Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 207 педагог қолданбалы мінез-құлық талдауы бойынша оқудан өтеді. Бұл қосымша 500-ден астам баланы білім беру қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қыркүйек айынан бастап Теміртауда 60 орындық оңалту орталығы өз жұмысын бастайды. Жыл соңына дейін облыс орталығында тағы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес және Қарағанды мен Сәтбаев қалаларында екі түзету кабинетін ашу жоспарлануда.

«Алдағы жылы Шахтинск қаласында ПМПК және Қарағандыда «Асыл мирас» қайырымдылық қорымен аутизмі бар балаларға арналған оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Осы жылы жұмыс істеп тұрған арнайы ұйымдар мамандарының штаты 50 адамға ұлғайтылды. Бұл мыңнан астам баланы оңалту көмегімен қосымша қамтуға мүмкіндік береді», – деді Гүлсім Қожахметова.

Сонымен қатар, өңірде «Малахит» интерактивті платформасы енгізілуде, ол арнайы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау, балалардың тексеруден өтуі және кейіннен оңалтумен консультативтік көмек алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.


Жоғары қарай