Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қарағанды облысының әкімі бар күшті қар тазалауға жұмылдыруды тапсырды

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 21:08

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қаңтар айы қарлы болуына байланысты оны тазалау қиындай түсті. Синоптиктердің мәліметінше, ай басынан бері облыс орталығында екі айлық жауын-шашын түскен, ал кейбір аудандарда – төрт айлық норма көлемінде қар жауған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек барлық техниканы қар құрсауын жоюға барынша жұмылдыруды тапсырды.

Жолдардағы қарды тазалаумен 52 мердігер ұйым айналысады, оларда 800 техника бар, деп хабарлады аппарат кеңесінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов. Оның айтуынша, 95 қар ұстайтын учаскеге баса мән берілген.

Күн сайынғы дауылды ескертулерге қарамастан, адамдар алыс сапарға шығуын тоқтатар емес. Облыс жолдарында құтқару операциясы жүргізілуде. Тек соңғы тәулікте қар кептелісінен 300-ден астам адам қауіпсіз жерге жеткізілді.

Облыс әкімі үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді талап етті.

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ қар жинауға және шығаруға қосымша техника тартуды тапсырды.

«Сіздерде осы жағдайда әрекет ету сияқты жол картасы болуы керек. Жағдай қиын. Мәселені шешіңіздер! Күн сайын қарды тазалау және шығару керек - басқа жол жоқ! Бұл жұмысты барынша қарқынды жүргізу қажет. Шағымдар көп. Әрбір тұрғын ауа-райының зардабын сезінді. Болжамдар да мәз емес. Бірнеше күн боран мен қатты жел күтіледі. Сондықтан бүгін маңызды мәселелердің бірі – республикалық және облыстық маңызы бар қалалар мен жолдарда жұмыс істеу. Қар тазалау туралы күн сайын селекторлық режімде әр әкімді тыңдайтын боламын», - деді Жеңіс Қасымбек.


Жоғары қарай