Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2021 жылдың 28 маусым 2021 20:09

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысындағы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасы жүзеге асырылуда.

Турникеттер мен дабыл түймелерін орнату бюджеттен қаржыландырылды. Мектептерде балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушылар пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа оқу жылында не істелетіні туралы онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте айтылды.

«Турникеттер оқушылар саны 500 адамнан асатын 158 білім беру ұйымдарында орнатылатын болады. Дауыстық хабарлау жүйелерімен контингенті 100 адамнан асатын ұйымдар жабдықталады – олардың жалпы саны 559. 1-ші қыркүйекке дейін 321 ұйымды дабыл түймелерімен, 158 ұйымды мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», – деді Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде өңірдегі барлық оқу орындары мен балабақшаларда 20 мыңға жуық бейнебақылау камералары бар. Өткен жылы 6 мың жаңа жабдық сатып алдық. Жүйені бейне мониторингтің заманауи стандартына сәйкес келтіру үшін келесі жылдан бастап бұлтты қызметтерді пайдалану жоспарлануда.

«Жазғы демалыс уақытында біз жол картасы бойынша жоспарланған барлық жұмыстарды орындауымыз керек. Қаржыландыру бар, барлығы үйлесімді жұмысқа байланысты. Бұл балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық инфрақұрылымға қатысты. Тек білім беру ұйымдарында ғана емес, сонымен қатар спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, балалар тұрып жатқан барлық жерде шаралар қабылдап, күшейту қажет», – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысы жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейтуді тапсырды. Ол бейнебақылау жүйелері – оларды стандартқа жеткізу бойынша тапсырма берді. Тағы бір маңызды бағыт – психикасы бұзылған балаларды уақытында анықтап, оларға көмектесу үшін психологиялық қызметтердің жұмысын нығайту болып табылады.

Кеңес беру және құқықтық көмек үшін жедел желі жұмыс істейді – (8-7212) 25-25-02 және 8-747-491-12-91.


Жоғары қарай