Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының полицейлері Ғазиз Байтасовты еске алды

2020 жылдың 13 қараша 2020 22:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Полиция департаменті мен аумақтық бөліністерінің жұмыс күні, осыдан 9 жыл бұрын қаруланған қылмыскерді ұстау барысында ерлікпен қаза тапқан «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алумен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізде болса, 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында қылмыскерді ұстау барысында 7 адам қаза тапты, оның ішінде 5 полиция қызметкері бар. Қаруланған қылмыскер өзін-өзі жарған кезде, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеу мақсатында өз денесімен қылмыскерді жапқан Жамбыл облыстық ІІД Жол полиция басқармасы жеке батальонның взвод командирі полиция капитаны Ғазиз Байтасов қаза тапты. Осы аталған ерлігі үшін, 2011 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерлікпен қаза тапқан Ғ. Байтасовтың әйелі Гүлжан Тайшиеваға «Халық Қаһарманы» атағына қосымша «Алтын жулдыз» белгісі мен «Отан» орденін табыстады.




«Отан үшін от кешіп, бейбіт заманда қаруланған қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан әріптестеріміздің ерлігі қашанда жадымызда. Біз бүгін осыдан тоғыз жыл бұрын, нағыз батырлықтың, қайсарлықпен ерліктің үлгісін көрсетіп қоғам тыныштығы жолында қаза болған қаһарман әріптесімізді еске алдық. Ғазиз Байтасовтың асқан ерлігі қатарымызға жаңа қосылған жас мамандарға қашанда үлгі-өнеге болуы тиіс. Әріптесіміздің жарқын бейнесі біздің мәңгі жадымызда»,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайыркен Әлиев.

Қарағанды облысы ПД кадр саясаты басқармасының аға инспекторы Қуаныш Медеубаев Ғазиз Байтасовқа арнап «Нағыз Халық Қаһарманы!» деген атаумен өлең шумақтарын шығарды.


Жоғары қарай