Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының Саран қаласы машина жасау орталықтарының біріне айналады

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 05:12

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Саран қаласында өнеркәсіптік жаңғыру басталды. Болашақта аталмыш моноқала машина жасау орталықтарының біріне айналмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саран қаласындағы бұрынғы РТБ зауытының алаңында зәкірлік жобалар жүзеге асырылуда. Автобустар мен арнайы техника шығаратын зауыт салынуда. Жеңіл және жүк көліктеріне арналған автомобиль шиналарының жаңа өндірісі жоспарлануда.

Саран қаласындағы үлкен өзгерістер туралы Премьер-Министр Асқар Маминге Үкімет отырысында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.





«Саран қаласында бұрынғы резеңке-техникалық бұйымдар зауыты негізінде Yutong автобустарын, карьер және жол-құрылыс техникасын шығаратын зауыт салу жобасы моноқала үшін зәкірлі болып табылады. Оның құны 22,1 млрд теңге. Бұл алаңдағы екінші зәкірлі жобаның қуаты жылына 3,5 млн дана автомобиль шиналарын өндіруді құрайтын болады. Жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі – 95 млрд теңге, 500-ге жуық жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ индустриялық аймақ пен бизнес-инкубатор (Ready Built Factory) құру жоспарлануда. Индустриялық аймақтың жұмыс істеуі одан әрі ШОБ-ты дамыту үшін, оның ішінде құрамдас бөлшектер мен құрауыштар базасын өндіру бойынша мүмкіндік құруға септігін тигізеді», - деді өңір басшысы.





Бұл жобаларды іске асыру мультипликативті әсер береді, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. Оның айтуынша, инвестициялар шамамен 150 млрд теңгені құрайды. Болжам бойынша, 2025 жылға қарай Саран қаласында өндіріс көлемі 6 есеге дерлік артып, машина жасау саласының көлемі екі есеге өседі.

Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы да ұлғаяды деп күтілуде. Қараусыз қалған көпқабатты үйлер қалпына келтіріледі.

Жеңіс Қасымбек өңірдің индустрияландыру қарқыны туралы баяндады. Қарағанды облысында 2010 жылдан бастап Индустрияландыру картасы аясында 7 400 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 353,2 млрд теңгеге 92 жоба іске қосылды. Олар 1,5 трлн теңгенің, оның ішінде 2020 жылдың 6 айында 252,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірді. Жобаларды іске асыру өндіріс көлемін 3,1 есе, еңбек өнімділігін - 1,5 есе (2009 ж. – бір адамға 30,8 мың доллар, 2019 ж. – бір адамға 46,1 мың доллар), негізгі капиталға инвестицияларды - 2,5 есе (2009 ж. – 76,6 млрд теңге, 2019 ж. – 188,7 млрд теңге) ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта облыста жалпы сомасы 2 трлн теңгеге 45 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 911 млрд теңге болатын, 13 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын 118 жоба енді. 2020 жылға 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, олардың алтау

Жоғары қарай