Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының Сарышаған кентінен 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

2021 жылдың 18 маусым 2021 21:56

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Сарышаған кентінде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен күрес жүріп жатыр. Жақында мердігерлік компания кент және оның маңайынан 300 тоннаға жуық қоқыс шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, Сарышағанда бір гектарға жуық жер тазартылды.

«Біз кент ішіндегі және шетіндегі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жүргіздік. Қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. 300 тонна коммуналдық қалдықтар шығарылды. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жеке сектор тұрғындарының күл-қоқыс және т.б. шығару үшін төлем жасағысы келмеуінен пайда болады», – деп атап өтті Сарышаған кентінің әкімдігінде.




Әкімдік қызметкерлері жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күл мен басқа да қалдықтарды шығару туралы келісімшарт жасауға шақырады.

Сондай-ақ кентте тазалық сақтау үшін сенбіліктер өткізіледі.

«Өкінішке орай, тұрғындар контейнерлік алаңдарға құм, құрылыс қалдықтарын және мол көлемде қоқыстарды тастайды. Контейнерлік алаңшалардың жанында полигондар пайда болады, оларды техникамен тазалау қажет», – деп толықтырды әкімдікте.

Бүгінгі таңда Сарышаған әкімдігі жеке қоқыс полигонын салу үшін қолайлы жер учаскесін табуға тырысуда.











Жоғары қарай