Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының Шашубай кентінде әлеуметтік мәселелер қалай шешіліп жатыр

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 15:40

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ақтоғай ауданына жұмыс сапары барысында Шашубай кентінің тұрғындарымен кездесті.

Өңір басшысы үш мың халқы бар шалғай елді мекеннің проблемалары қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл облыс әкімінің Шашубай кентіне алғашқы сапары емес. Өткен кездесуде тұрғындар ТКШ және абаттандыру бойынша бірқатар мәселелерді көтерді, дәріхананың жоқтығына және медициналық қызметтердің сапасына шағымданды. Сондай-ақ, олар бос тұрған көп қабатты үйлердің болашағына алаңдаушылық білдірді.

«Сіздер көтерген кейбір мәселелер шешілді. Әлеуметтік дәріхана және күндізгі стационар жұмыс істейді. Салалы мамандар Балқаштан келіп, қабылдау жүргізеді. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияны жөндеуге конкурс жарияланды, нәтижесі белгіді болғаннан кейін кейін жұмыстар басталады. Цифрлық рентген-аппаратты және физиотерапиялық жабдықты жеткізуге шарттар жасалды», – деді облыс әкімі.







Шашубайда бірнеше бес қабатты ғимаратты қалпына келтіру жоспарлануда. Қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, қазан айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысы күтілуде. Пәтерлер күрделі жөндеуден кейін кезекте тұрғандарға беріледі.

Жылумен жабдықтауды жақсарту үшін жаңа модульдік қазандық салынады. Бұл нысан қалпына келтірілетін тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов хабарлағандай, ақпан-наурыз айларында жобал-сметалық құжаттама әзірленуі тиіс, содан кейін құрылысқа конкурс жарияланады.




Кездесуде сондай-ақ, кенттің су құбыры, жылу және кәріз желілерін Балқаш қаласының коммуналдық кәсіпорындарының балансына беру туралы айтылды. Рәсім жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

Тұрғындардың өтініші бойынша Балқаш – Шашубай автобус бағытын ұзарту мәселесі шешілді. Жолаушыларға қосымша автобус бөлуге уәде берілді.

Жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек Шашубайдағы үйлердің жөнделуімен танысты. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі көпқабатты үйдің шатыры жаңартылып, қасбеттері, балкондары мен жертөлесі жөнделді.








Жоғары қарай