Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының тұрғыны қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

2021 жылдың 16 маусым 2021 17:19

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы, Нұра ауданы Жараспай ауылының тұрғыны Серік Әбіров 90 келіден астам салмақ дәрежесінде қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жараспай ауылының әкімі Бағжан Біләлов тұрғындардың атынан әлем чемпионын құттықтап, оған жылқы сыйлады. «Жараспай» ШҚ директоры Сейілхан Қоңырбаев та батырға сыйлық табыс етіп, өмір мен спортта жаңа жеңістер тіледі.

«Біздің ауылдың тумасы екеніңді мақтан тұтамыз», – деді Сейілхан Қоңырбаев.

Серік Абиров - қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, ММА-дан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, ММА-дан Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ол бес жылдан бері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан құрамасының құрамына кіреді.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында командалық есепте үшінші орынға ие болды.








Жоғары қарай