Қарағанды полицейлері террористік актіден қаза тапқандарды еске алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздікте қаза болған полицейлер мен әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағанды облысының полиция департаментінде Қазақстан Республикасында жасалған террористік актіден қаза болғандарды аза тұту рәсімі өтті.
Оның ішінде сегіз полиция қызметкері мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері бар.
«Олар батырлық пен ерлік көрсете отырып, қызметтік және әскери міндетін өмірінің соңына дейін адал орындады. Әріптестеріміз туралы естелік ішкі істер органдары қызметкерлерінің және барша Қазақстан халқының жүрегінде мәңгілкке қалады. Біз, ішкі істер органының қызметкерлері қылмыскерлерді құрықтап, олардың тиісті жазасын алу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», - деді Қарағанды облысының коменданты Ерлан Файзуллин.
Полиция қызметкерлері қаза болған әріптестерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.