Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды полициясы жалған қылмыстар туралы хабарлаған «әзілкешті» іздестіруде

2021 жылдың 13 мамыр 2021 20:26

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды полициясына бір мезгілде үш бірдей қылмыс туралы хабарлама келіп түскен. Алайда олардың барлығы жалған ақпарат болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 мамыр, кешкі тоғыз шамасында белгісіз біреу Қарағанды полициясына қоңырау шалып, үш түрлі мекенжай бойынша қылмыс жасалғанын айтқан. Көрсетілген орындарға барлық шұғыл ден қою қызметтері жіберілді. Кейіннен олардың барлығы жалған екені анықталды.

«»102« пультіне үш мекенжай бойынша қылмыс жасалғаны туралы жасырын хабарлама келіп түсті. Мекенжайларды тексеру кезінде фактілер расталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қоңырау шалған абонентті анықтауда. Анықталған жағдайда ол жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлайды Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай