Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда 13 жасар жасөспірім асулы күйінде табылды

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 19:41

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 13 жастағы жасөспірім асулы күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірімнің денесі Ержанов көшесіндегі спорт кешенінің жанындағы гараждардың арасынан табылды.

«20 қыркүйек күні Михайлов полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ержанов көшесіндегі спорт кешенінің жанындағы гараждар арасында жасөспірім асылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция жасағы келгеннен кейін аталмыш дерек расталды. Оқиға орнында 2007 жылы туған 7-сынып оқушысының мәйіті табылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қаза болған бала тұрғылықты жері және оқу орны бойынша тек жақсы жағынан сипатталып отыр. Мұғалімдердің айтуынша, ол сабырлы, көпшіл, жақсы оқыған, футбол ойнауды ұнатқан.

Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы анықталуда.


Жоғары қарай