Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда 2-сынып оқушысын дәретханаға жібермей қойған мұғалім жұмыстан босатылды

2021 жылдың 9 қазан 2021 23:48

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда №1 гимназияның мұғалімі оқушыны дәретханаға жібермей қойғаны анықталды. Салдарынан екінші сынып оқушысы сыныптастарының алдында сабақ кезінде кіші дәретке отырып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласының білім бөлімінде екінші сынып мұғалімінің әрекетіне қатысты қызметтік тергеу аяқталды.

Сабақ барысында оқушылардың бірі дәретханаға баруды өтінген. Алайда мұғалім баланы жібермей, ол сабақ барысында кіші дәретке отырып қойған.

Содан кейін мұғалім баланың анасына қоңырау шалып, ұлына таза киім әкелуін өтінген.

Мұғалім дәретханаға жібермей қойғанын бала тек үйінде айтқан.

Оқушының анасы мектеп басшылығына баласына осындай әрекет жасалғанын айтып, шағым түсірген. Осы әрекеті үшін мұғалім жұмыстан босатылды.

«Мұғалімнің іс-әрекетінде функционалдық міндеттердің бұзылуы, сондай-ақ болған жағдай туралы мектеп директорын уақтылы хабардар етпегені белгілі болды. Мұғалім дереу анасына оқиғаның себептері туралы хабарлап, кешірім сұрауы керек еді. Ұстаз қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 8 қазаннан бастап жұмыстан босатылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті.


Жоғары қарай