Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

2021 жылдың 2 тамыз 2021 17:14

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде бесінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен 4 жасар бала құлап кетті. Сәби түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 тамыз күні сағат 23: 40-та Қарағандыда көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2017 жылы туған бала құлап түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Ол Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді.

«Балада біраз жарақат бар - жабық кеуде жарақаты, оң жақ өкпенің көгеруі. Екі аяғы бірнеше жерден жарақаттанған. Иек аймағының көгерген жарасы. Іштің жарақаты. Жағдайы тұрақты, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың айтуынша, ересектер қарауынсыз қалу - балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себебі болып отыр.

Осыған байланысты облыстың ТЖД қызметкерлері ата-аналардан кішкентай баласын мұқият қадағалауды, оларды терезесі ашық үйде жалғыз қалдырмауды сұрайды.


Жоғары қарай