Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда АӘК алатын отбасыларға дәрі қобдишасы тегін таратылып жатыр

2021 жылдың 9 шілде 2021 22:32

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – COVID-19 ауруының алдын алу аясында Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасыларға медициналық дәрі қобдишасын үлестіру акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында барлығы 2 607 дәрі-дәрмек қобдишасы тегін таратылады.

Жиынтық құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометр, маска, дезинфекциялық құралдар және стероид емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.

Дәрі қобдишасын алушыларға қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және ауылдық әкімдіктер жеткізеді.

Бұл шара қиын материалдық жағдайдағы отбасыларға экономикалық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы Қазақстан бойынша мұндай дәрі қобдишасын 145 мың отбасы алады.

Акция Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен жүзеге асты.

Сатып алу операторы - БҰҰ Даму бағдарламасының кеңсесі.


Жоғары қарай