Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда балаларға қатысты азғындық видео туралы ІІМ өкілдеріне шетелдік әріптестері хабарлаған

2021 жылдың 2 тамыз 2021 11:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Криминалдық полция қызметкерлері Қарағанды облысында 2007 және 2009 жылы туған ағалы-қарындасты балаларды азғындық видеоға түсіріп, интернетке таратқан 54 жастағы адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, бұл туралы ведомство өкілдеріне шетелдік әріптестері хабарлаған.

«Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының тәртіп сақшыларымен бірге Қарағанды қаласының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ол жас балаларға қатысты азғындық әрекеттер жасап, видеоға түсіріп, интернетте таратқан. Министрліктің кибер-қылмыспен күрес орталығының қызметкерлері шетелдік әріптестерінен TOR жабық желісіне Қазақстан аумағынан белгісіз пайдаланушының жас балалардың қатысуымен азғындық көріністері бар бейнежазбаларды тарататыны туралы ақпарат алды», - деді ол онлайн брифингіде.

Орталықтың жедел қызметкерлері шетелдік әріптестерінің жөн сілтеуі бойынша бейнежазбаны егжей-тегжейлі зерделеген көрінеді.

«Онда белгісіз біреу балаларға азғындық әрекеттер жасайды. Ашық дереккөздерді зерттеу кезінде полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысқан балаларға ұқсас балалардың фотосуреттерін тапты. Өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 2007 және 2009 жылы туған, кәмелетке толмаған ағалы-қарындасты балалар анықталды. Олар былтыр аналары қайтыс болғаннан кейін балалар үйінің бірінде тәрбиеленуде. Әкелерінің қайда екені белгісіз. Өздерінің айтуынша, аналарының көзі тірісінде таныс ер адам келіп үй шаруасына көмектескен. Аналары үйде болмаған кезде ол балаларға азғындық әрекеттер жасап, смартфонға түсіріп отырған. Бұл бірнеше рет қайланған. Бірақ ол туралы анасы білмеген», - дейді Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, ұсталған күдікті қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді.

«Ол жауап алу кезінде өз ісі мойындады. Тінту кезінде одан бейнежазбалар сақталған ұялы телефон тәркіленді. 54 жастағы ер адам қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды», - деді ІІМ баспасөз өкілі.


Жоғары қарай