Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда банкет залдары, бильярд және компьютер клубтарының жұмысына рұқсат етілді

2021 жылдың 24 мамыр 2021 21:01

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 25 мамырдан бастап Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, банкет залдарының, бильярд және компьютерлік клубтардың, боулинг орталықтарының қызметіне және спорт шараларының өткізілуіне рұқсат етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы №22 қаулысының негізінде Қарағанды облысы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 21 мамырдағы №13 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Яғни «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері өзгертілді, атап айтқанда:

- банкет залдарының қызметіне сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін 50%-ға дейін, мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету және ас беру үшін 50-ден аспайтын орынға дейін рұқсат етілген (бұрын қызмет етуге тыйым салынған);

- бильярд бөлмелерінің толтырылуы 30%-дан аспайтын, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін;

- 12.00-ден 02.00-ге дейінгі жұмыс режимімен 30%-дан аспайтын толтыру кезінде PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

Тек 16 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі;

- боулинг клубтары толымдылығы 30%-дан аспайтын, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін;

- көрермендермен спорттық іс-шаралар 20% толған кезде өткізіледі;

- ойын-сауық объектілерінің тыйым салынған қызмет түрлерінің ішінде жобаға қатысуға бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңды қамтамасыз ету шартымен лоторея клубтары мен лотореяны өткізудің өзге де нүктелері қосылды.

Бұдан басқа, халықты, жеке және заңды тұлғаларды «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы хабардар ету, оның ішінде жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін басқа платформалар арқылы (мысалы, «Аitu» платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) жүзеге асырылуы мүмкін.

Қаулы 2021 жылғы 25 мамыр күні сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді.


Жоғары қарай