Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағандыда бір күнде үш егіз дүниеге келді

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 18:47

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда бір күнде үш егіз дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 жыл сәби күткен теміртаулық отбасының Мұхаммед пен Әли атты нәрестелері алдымен дүниеге келді. Әлидің салмағы 3 келіге жуық. Ұлдардан кейін Милана мен Ангелина деген екі қыз дүниеге келді. Ал кешке Афина мен Ясмина дүниеге келді. Барлық аналар өздері босанды. Аналар мен сәбилер өздерін жақсы сезінеді.

«Бірінші УДЗ-да біз егіздердің бар екенін білдік. Күйеуіммен қызым бізге «қыздар керек» деді», - дейді жас ана Наталья Мамедова.

Мұндай ерекше оқиғаға перзентхана дәрігерлері де қуанды. Олардың жұмысы екі есе көбейгенімен, перинаталды орталықтың қызметкерлері сәбилер мен жас аналарға қамқорлық жасауға әрқашан дайын.

«Мұнда күтім жасау әдеттегі босанудан көп. Барлық 3 жағдай сәтті аяқталды. Балалар өздерін жақсы сезінеді, тек ана сүтімен қоректенеді, салмақ жоғалтпайды. Аналар да өздерін өте жақсы сезінеді. Өз еңбегімізге ризамыз», - деді Қарағанды қаласының №2 перинаталдық орталығының бөлім меңгерушісі Жарқын Нұркеева.


Жоғары қарай