Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда бір тәулікте 56 адам COVID-19 вирусын жұқтырды

2020 жылдың 14 маусым 2020 16:11

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 56 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша 56 адамда COVID-19 вирусы анықталды. Тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру кезінде анықталды.

Қарағанды қаласында жұқпаның – 28 жағдайы, Теміртауда - 3, Саранда - 4, Шахтинскіде - 6, Балқашта - 2, Сәтпаевта. - 2, Абай ауданында - 6, Жаңаарқа ауданында - 4, Шет ауданында бір жағдай анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

13 маусымдағы ахуал бойынша, облыста 1475 адам індет жұқтырған. Оның ішінде 7 адам көз жұмды. 644 пациент жазылып шықты.


Жоғары қарай