Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда біреудің шотынан 1 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған күдікті ұсталды

2020 жылдың 24 қараша 2020 09:54

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда бөтен шоттан 1 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 қарашада Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғыны келіп шағым жазған. Ол белгісіз тұлға банкоматтан оның шотынан 970 мың теңге шешіп алғанын хабарлады.

Полиция банкоматқа орнатылған бейнекамераның жазбасын зерттеп, қомақты соманы иемденген азаматты анықтады.

«19 қарашада жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті – 34 жастағы ер адамды ұстады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай