Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қарағандыда дауыл салдарынан 19 жастағы қыз мерт болды

2020 жылдың 13 шілде 2020 03:23

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында дауыл салдарынан 19 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Топар су қоймасында болды. Оның денесін бірнеше сағаттан кейін Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тапты.

«Үрлемелі матрацпен жүзіп жүрген 2001 жылы туған қызды қатты жел екпіні жағадан алыс алып кеткен. Кейінірек оның денесін құтқарушылар судан алып шықты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 12 шілде күні Қарағанды қаласында құйынды жел тұрып, салдарынан ондаған ғимараттың шатыры бүлінді, 50-ге жуық ағаш құлады, елдімекендер, соның ішінде ауруханаларда жарық сөнді.



Жоғары қарай