Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қарағандыда демеушілер көмегімен көпбалалы бес отбасы баспаналы болды

2020 жылдың 1 маусым 2020 21:51

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Мереке күні Қарағандыда көпбалалы бес отбасы баспаналы болды. Көптен күткен пәтерлердің кілтін табыс етуге демеушілер жәрдемдескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балаларды қорғау күніне орай Қарағандыда көпбалалы бес отбасы баспаналы болды. «Талбесік» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен демеушілер қаржылай көмек көрсетті.

«Олар біз ұсынған 16 отбасының арасынан жетеуін таңдап алды, бұл отбасылар 4-10 бала тәрбиелеп отыр. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырғандар бар. Бүгінгі күні баспаналы болған жанұялардың бесеуі тиісті құжатты ресімдеді, ал екеуі пәтер іздеп жатыр. Біздің демеушілеріміз сонымен қатар он отбасының барлық несиесін толық төлеуге көмектесті. Сондай-ақ бір жыл аралығында олар үш пәтерді жалға алу құнын төлеп бермек», - дейді «Талбесік» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Қожахмет.

Алты баланың анасы Гүлзат Сүлешова үш жылдан астам уақыт бойы тұрғын үй кезегінде тұрған, бүгінгі таңда оның арманы орындалды.





«Мен жесірмін, жалғыз өзім алты баланы тәрбиелеп отырмын. Үлкен балам колледжде оқиды, ал ең кішкентайым 3 жаста. Бұған дейін пәтер жалдап тұрдық. Бүгін, балалар мерекесінде бізге осындай сыйлық жасап отыр – біз үш бөлмелі пәтер алдық. Көмектескендерге рахмет айтамыз», – деді Гүлзат Сүлешова.

«Мен бес баланың анасымын, күйеуім жалғыз өзі жұмыс істейді. Біз пәтер жалдап тұрдық, қиын болды. Бірақ демеушілердің арқасында екі бөлмелі пәтерге ие болдық. Енді тұрғын үй үшін төленген ақшаны балаларға жұмсай аламыз. Барлық демеушілерге алғыс білдіремін. Өз баспанасы бар осындай отбасылар көп болсын!», - дейді Алтынай Кенжебаева.

Сонымен қатар, «Талбесік» ұйымы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ көмегімен бүгін Қарағандыдағы балаларға 140 тәтті сыйлық таратты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында елордада өрт салдарынан бес бала қаза болған қайғылы оқиғадан кейін Қазақстанның қалалары мен ауылдарында әйелдер құқықтарын қорғап, ортақ бір қозғалыс құрып, біріге бастады. Қарағандыда «Талбесік» ҚБ көпбалалы ана және журналист Ләззат Қожахмет басқарды. Аталмыш бірлестік Қарағанды мен облыстағы әйелдерінің басын біріктіріп отыр. Бүгінгі таңда Қарағанды, Қарқаралы, Теміртау, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы екі мыңнан астам көп балалы аналары осы ұйымның мүшесі болып табылады.

Бір жарым жыл аралығында «Талбесік» қозғалысы ауқымды жұмыс атқарған. Ұйым өз қызметінің келесі кезеңін көп балалы аналарға жаңа мамандықтар игеру, бизнес ашу, гранттар алу және шағын несиелеу мәселелері бойынша ақпараттық көмек көрсетуге бағыттамақ.

















Жоғары қарай