Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 13 жасар оқушыға қол көтерген

2021 жылдың 8 қазан 2021 11:40

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды орта мектептерінің бірінен жанжал шықты. Дене шынықтыру сабағы кезінде мұғалім жасөспірімге қол көтеріп, оны еденде сүйреген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандының танымал блогерлерінің бірі өзінің Instagram парақшасында шағымданып келген әйел туралы пост жариялады.

Әйел он үш жасар ұлына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қол көтергенін хабарлаған.

Оқытушы баланың басынан бір-екі рет соғып жіберіп, бүкіл сыныптастарының көзінше кеудешесінің капюшонынан тартып сүйреп өткен.

«Кімнің кінәлі екенін білмеймін, мүмкін менің ұлым бұл оқиға кезінде жағдайды өзі ушықтырған шығар, бірақ мұғалім балаларды ұрмауы керек, баланың бабын таба білуі керек», - деп жазады оқушының анасы.

Қарағандының білім бөлімі болған оқиға туралы мынадай түсінік берді:

«Директор аталған факті бойынша қызметтік тергеу басталғанын және болған жағдай туралы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі баяндағанын түсіндірді. Мектептің спорт залында бейнебақылау камерасы бар, бейнежазба бұл жағдайды объективті түсінуге көмектеседі. Қызметтік тергеу қорытындысы туралы қосымша хабарлаймыз».


Жоғары қарай