Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда экология департаменті басшысының бұрынғы орынбасары 3 жылға сотталды

2021 жылдың 1 қазан 2021 16:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоспардан тыс тексерудің қорытындысын желеу етіп, кәсіпорын директорынан 10 млн теңге пара бопсалағаны үшін ұсталған қарағандылық шенеунік 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов Antikor ақпарат алаңында айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген қылмыстық істер бойынша бірқатар айыптау үкімі шықты. Мысалы, 2021 жылдың 21 қыркүйегінде Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен алаяқтық жасағаны үшін Кенжебаева 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның жазасы баласы кәмелет жасына толғанға дейін кейінге қалады. Сотталушы қылмыс жасаған кезде Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарды», - деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.

Оның айтуына қарағанда, экология департаментінің экс-өкілі жоспардан тыс тексеру барысында анықталған экологиялық залалды азайту сылтауымен жауапкершілігі шектеулі серіктестің директорынан 10 млн теңге көлемінде пара бопсалаған.

«Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді Қайсар Баржақсынов.


Жоғары қарай