Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қарағандыда ферма жылқы алуға берілген 26 млн теңгені басқа нәрсеге жұмсаған

2020 жылдың 3 шілде 2020 11:17

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген несиені мақсатсыз пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында Бұқар жырау ауданындағы шаруа қожалығының ісін әшкереледі.

Шаруа қожалығы «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық кредит корпорациясынан» асыл тұқымды жылқы сатып алуға 26 млн теңге несие алған. Сөйтіп бұл қаржыны мақсатсыз пайдаланған.

Қазіргі таңда анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Жоғары қарай