Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды

2020 жылдың 18 қараша 2020 12:28

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында тұрғын үйлердің бірінің ауласында қимылсыз жатқан ер адам жергілікті тұрғындарды алаңдатқан. Олар полиция мен жедел жәрдем шақырған. Алайда, дәрігерлер ер адамның әлдеқашан қайтыс болып кеткенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ер адамның жансыз денесін Майқұдықтың 12-шағынауданында кездейсоқ адамдар тауып алған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол жылу құбырларының үстінде жатқан.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шақырылды. Бірақ, дәрігерлер тек өлім фактісін тіркеуге мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ер адамның өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.

«2020 жылдың 17 қарашасында сағат 05.50-де Қарағанды қаласының 12-шағынауданындағы № 21 үйдің ауласынан 44 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Факті тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталуда», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай