Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда мұқтаж отбасыға төрт бөлмелі үй сыйға тартылды

2021 жылдың 13 қазан 2021 05:13

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы мұқтаж отбасыға үй сыйлады. Тұрғын үйді сатып алуға жергілікті меценат көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еркегүл Досмағұлова екі бала тәрбиелеп отыр, үлкені – 12 жаста, ал кенжесі – 8 айлық. Бір жылдан астам уақыт бойы жалғызбасты ана балаларымен бірге жеке үйдің жертөлесінде тұрды, онда ол от жағушы және көмекші болып жұмыс істеді.

Қиын жағдайда Еркегүлге қоғам белсендісі Ләззат Қожахметова басқаратын «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы көмектесті.

«Бұрын пәтер жалдап тұратынбыз. Мен жеке кәсіпкердің қол астында тазалаушы болып жұмыс істедім. Карантин кезінде, пандемия шарықтап тұрған шақта қатты қиналдық. Маған үй жалдап тұрудан бас тартуға тура келді, мен жұмыс берушіден маған тұрғын үймен көмектесуді өтіндім. Ол бізге үйінің жертөлесінде бөлме берді.

Ол үшін мен оған өте ризамын. Дәл осы кезеңде Ләззат Қожахметовамен таныстым. Ол бізге азық-түлікпен, заттармен көмектесті, ал жақында оның көмегімен біз баспаналы болдық», – дейді Еркегүл.

Бұл отбасына баспана сатып алуға меценат көмектесті, ол өз есімін атаудан бас тартты. Еркегүл ресми түрде үйді иелену құқығына ие болды.

«Біз екі жыл бойы қамқорлығымыздағы мұқтаждарға қол ұшын созып келе жатқан меценатқа ризамыз. Өткен жылы ол жеті отбасына үй сатып алуға көмектесті.

Биыл біз алты отбасына баспана сатып алдық, жуырда тағы бір пәтер аламыз.

Бұл адам біздің қамқоршыларымызға тұрғын үйді жалға алу үшін ақы төлеуге көмектеседі. Біздің қоғамда осындай адамдардың бар екеніне қуаныштымыз», – деп атап өтті Ләззат Қожахметова.


Жоғары қарай