Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда полицейлер 80 адамдық үйлену тойының үстінен түсті

2020 жылдың 18 қараша 2020 17:16

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы аумағында 78 мобильді топ жұмыс істейді. Олардың атқарған жұмысы туралы Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мобильді топтың құрамына жергілікті әкімдік, СЭҚ, прокуратура қызметкерлері енгізілген.

Соңғы аптада, қараша айының 9 -15 аралығында аталған мобильді топ облыс бойынша 213 рейд жүргізіп, 1141 нысанды тексерді.

Тексеріс барысында карантин талабын бұзудың 65 фактісі анықталды.

«Оның 15-сі түнгі клуб, кафе-ресторан және букмекерлік кеңселерден анықталса (жалпы тексерілгені 174), 20 факті дүкендер мен базарларда (жалпы тексерілгені 567), біреуі - қала орталығындағы ресторандардың бірінде 80 адамдық үйлену той жасау фактісі, бесеуі – банк, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерден (жалпы тексерілгені 323), 24 факті - қоғамдық орында бетперде тақпау бойынша анықталып отыр», - деп мәлімдеді Бақытжан Құдияров.

Сонымен қатар 4 қарашадан бастап Қарағанды облысының өзге облыстармен шектесетін жерлерінде 8 санитарлық пост орнатылған.

Онда ішкі істер органынан 51 қызметкер жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі күнге дейін полиция қызметкерлері 53475 автокөлікті тексерді.

Мобильді топтарда полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бойынша қызмет атқарады. Барлық карантин шектеулері бойынша анықталған бұзушылықтарға СЭҚ қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырып, әрі қарай шешім шығарады.


Жоғары қарай