Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасын бақылау күшейтілетін болды

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 04:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірде салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына назар аудару керегін ескертті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында тұрғын үй мәселесін шешу басты назарда. Кезекте тұрғандарды пәтермен қамтамасыз ету үшін 372,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін бірқатар өңірлерде үйлер тапсырылатын болады. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа құрылыс сапасына назар аудару керегін ескертті.

Облыс әкімі құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды. Әкім халықтың ең басты мәселелерін шешу – билік басындағылардың басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Басқа шығындарды қысқартыңыздар. Тұрғын үй салыңыздар, кезекте тұрғандарды қамтамасыз етіңіздер», - деді Жеңіс Қасымбек қала және аудан әкімдеріне аппараттық кеңесте.

Өңір басшысы, сондай-ақ, құрылыс сапасын қатаң қадағалауды талап етті.

«Егер жаңа қоныстанушылар шағымданатын болса, оқиға орнына қоғам белсенділері мен журналистарді алып барыңыздар. Бұл барлық әлеуметтік нысандарға қатысты. Сапаны комиссиямен қайта тексеретін боламыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Жоғары қарай