Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті

2021 жылдың 26 қараша 2021 14:30

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті. Бұл туралы Polisia.kz сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласының Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне түнгі сағат 01.30-да клубтардың бірінде клиенттер арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама түскен. Бірер минуттан кейін оқиға орнына Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жеткен. Мән-жайды анықтай келе, 20 жастағы бойжеткен мен әйелдің арасында жанжал туындап, бойжеткеннің жарақат алғаны белгілі болды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті Жезқазған қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген мәліметте.


Жоғары қарай