Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда үш автокөлік пен монша өртенді

2021 жылдың 29 мамыр 2021 23:50

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда қалада орналасқан моншалардың бірінде өрт шықты. От жалыны сонымен қатар ғимарат жанындағы үй мен 3 көлікті де шарпыды. Өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ермеков көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама сағат 21:58-де түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде «Кедр» моншасының ғимаратын жалын шарпығанын байқады. Жалын ғимаратқа іргелес орналасқан үй мен жақын маңдағы 3 көлікті де шарпыған.

«Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 13 техника мен 50 адам жұмылдырылды. Ғимараттан 5 адам құтқарылды. Сағат 22:40-та өрт сөндрілді. Оқиға салдарын жою жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жалын ғимараттың 300 шаршы метр аумағын қамтыған.


Жоғары қарай