Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда жасөспірім суға батып кетті

2021 жылдың 27 мамыр 2021 21:18

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыдағы көлдің бірінде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Құтқарушылар оның денесін екі сағаттан соң судан алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 мамырда сағат 17: 45-те Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс пен Көгілдір тоғандар шағын ауданының арасындағы су айдынында 17 жасар бала батып кетті. Қарағанды облысы ТЖД Суда құтқару қызметінің мамандары оның денесін екі сағаттан кейін тауып, судан шығарды.

Құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.

Олардың айтуынша, жабдықталмаған жерлерде шомылуға, мас күйде шомылуға, қайықтан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге, жүзу шекарасының белгісінен ары қарау жүзуге тыйым салынады.

Сондай-ақ арналмаған заттармен жүзуге, су қоймасын ластауға, демалушыларға жарақат салуы мүмкін қоқыстарды жағалауда және шешіну бөлмелерінде қалдыруға, өтірік көмекке шақыруға, т ехникалық жабдықтарға және ескерту белгісіне шығуға, үлкендердің бақылауынсыз балалардың шомылуына болмайды.

Жоғары қарай