Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

2020 жылдың 22 қараша 2020 18:09

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда 13 жасар жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің ауласында жасөспірімнің денесі жатқан видео пайда болды . Бейнеде полиция қызметкерлері жылап жатқан әйелді ұстап, жұбатуда. Белгілі болғандай, 13 жастағы жасөспірім 9 қабатты үйдің төбесінен секірген. Әзірге қайғылы оқиғаның себебі белгісіз.

«Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Қарағанды қаласының Карбышев көшесінде биіктен құлап кеткен 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Жәбірленуші 9 қабатты үйдің төбесінен секіргені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай