Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда жоғары лауазымды шенеунік 500 адамға ұзату тойын жасады

2021 жылдың 7 тамыз 2021 21:51

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда шенеунік қала мейрамханаларының бірінде қызының ұзату тойын жасап, 500 адам қонақ жинаған. Бұл жағдайды мобильді топ тіркеді. Мейрамхананың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде мобильді топ өкілдері карантиндік шектеудің бұзылу фактісін анықтады.

Белгілі болғандай, онда 500 адам шақырылып, қыз ұзату өткізген. Әлеуметтік желілерде мейрамхана маңына көп көлік жиналғаны туралы видео жарияланды.

Іс-шараны облыстың жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі ұйымдастырған.

«Санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың бұзылуына байланысты «Ариста» мейрамханасының иелеріне қатысты нысанның қызметін тоқтату бойынша шара қабылданады. Халықтың COVID-19 ауруының өсуіне қарамастан, мекеме иелері мен бұқаралық шара ұйымдастырушылар жақындарына инфекцияның жұғуы мен таралу қаупін төндіретіні өте өкінішті. Бұл мәселе Қарағанды қаласы әкімдігінің, құқық қорғау органдарының және мониторинг тобының жеке бақылауында», - деп түсіндірді Қарағанды қалалық әкімдігі.

Мобильді топтар бұзушылықтарды анықтау жұмысын жалғастырып жатыр.

Ресми емес мәліметке сенсек, бұл шенеунік - Қарағанды облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы.



Жоғары қарай