Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Қарағандыда жолаушыға толы автобус аударылды

2019 жылдың 18 қазан 2019 18:51

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының орталық көшесінде жолаушылар автобус аударылып қалды. Оқиға салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Бүгін сағат 16:15 шамасында 34 жастағы жүргізуші мінген «Хонда» автокөлігі алдын ала болжам бойынша «Четская» көшесінен «Бұқар жырау» көшесіне шыға берісте басты бағытта келе жатқан «Шаулин» маршруттық автобусымен соқтығысқан. Автобусты 32 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан.

«Жол көлік оқиғасының салдарынан 11 адам әртүрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жол көлік оқиғасы кезінде қоғамдық көлікте 30 адам болған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді оқиға орнынан облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Жоғары қарай