Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда жылыту маусымы 25 қыркүйектен басталады

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 21:25

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жаңа жылу маусымының басталу күні анықталды. Жылу беру 25 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ЖЭО-1, ЖЭО-3, жылу желілері мен станцияларда іске қосу алдындағы жұмыстардың іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісуді, айналым режимін орнатуды тапсырды», - делінген ресми хабарламада.

Бірінші болып әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар: балабақшалар, мектептер, ауруханалар және т. б. жылу алады.

Тұтынушыларды орталық жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосатын болады. Алдымен Майқұдық, Сұрыптау және Пришахтинск аудандарының үйлеріне, содан кейін Оңтүстік-Шығыс, Федоровка, жаңа қала және Михайловкадағы үйлерге жылу беріледі.

Диспетчерлік қызметтердің телефондары:

- «Сенім» бірыңғай сall-орталығы – 109, @senim109.kz;

- Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі – 41-13-53, @qazybekbi_akim_apparaty;

- Октябрь ауданының әкімдігі – 37-06-42, 35-58-02, @oktyabrakimat;

- «Теплотранзит» ЖШС – 56-17-79, @teplotranzitkaraganda.


Жоғары қарай