Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыдағы шахташылар көшпелі бригадаларда вакцина алып жатыр

2021 жылдың 22 сәуір 2021 15:44

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қарқынды жүруде. Медиктердің көшпелі бригадалары шахталарда жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көмір өндіру кәсіпорындары Шахтинск, Абай, Саран және Қарағанды қалаларында орналасқан. Көшпелі медициналық бригадалар аумақтық түрде ұйымдастырылған. В.И. Ленин атындағы шахтаға және «Шахтинская» шахтасына – Шахтинск қаласының «Болашақ» емханасы, «Саран» шахтасына - Саран қаласының емханасы қызмет көрсетеді, ал қалған шахталар мен жерүсті кәсіпорындарына Қарағандыдан бригадалар шығады.

«Шахталарда дұмысшылар жақын жүріп жұмыс жасайды, әлеуметтік ара қашықтыұ сақтау жағдайлары бола бермейді. Ал вакцина қауіпті вирустың жаппай жұқтыруды алдын алуға көмектеседі», – деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің медициналық мәселелер жөніндегі директоры Илья Вальштейн.




И.А. Костенко атындағы шахтада алғашқы вакцинаны директор Сергей Мустивко алды.

«Ұжымдық иммунитет үшін халықтың басым бөлігі егілуі тиіс екені белгілі. Біз барлығымыз өмірдің үйреншікті арнаға оралғанын қалаймыз», – дейді кәсіпорын басшысы.

Кейбір қызметкерлер өздерін ғана емес, жақындарын да қорғауға мүмкіндік алды. И.А. Костенко атындағы шахтада жұмыс істейтін Евгений Конечников қызымен бірге егілді.

«Әрине, ойландық, бәрін алдын ала сараладық. Және екпе алу керек деген шешім қабылдадық. Біз өзіміз және туыстарымыз үшін үнемі ұйымдап, үрейленуді доғарғымыз келеді», – деді Евгений Конечников.

Бүгінгі таңда шахталарда 500-ге жуық адам вакцинациядан өтті және егу науқаны әлі де жалғасуда.











Жоғары қарай