Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағандылық биатлоншы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға лицензия ұтып алды

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 02:15

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық биатлоншы Владислав Киреев Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды. Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі ретінде ҚР спорт шебері және жастар арасында Қазақстан мен Азия чемпионы болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар айындағы соңғы, өте маңызды рейтингтік халықаралық жарыстарда Словакиядағы Брезно-Осрбльдегі IBU Кубогында Владислав тамаша нәтиже көрсетті. Ал жарыстың бірінде күтпеген жағдай болды. Нәтижесінде Владислав олимпиадаға қатысу үшін қажетті ұпай санын жинады. Әрине, біз талантты және болашағы зор тәрбиеленушіміз үшін өте қуаныштымыз», – дейді Қарағанды облысының биатлоннан аға жаттықтырушысы және спортшының жеке тәлімгері Раис Хайрутдинов.

Владислав Киреев 21 жаста. 2020 жылы Швейцарияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеке жарыста бесінші болды. 2021 жылы биатлоннан Чехияда өткен жазғы әлем чемпионатында жетінші орын, Қырғызстанда өткен Азия біріншілігінде алтын және қола медальдарға, ал Алматыда өткен ҚР Спартакиадасында үш жарыста жеңіске жетті.




Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарағандылық Екатерина Айдова 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға 500, 1 000, 1 500 метр қашықтықта конькимен жүгіру спортынан үш лицензия жеңіп алған болатын.





Жоғары қарай