Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағандылық кәсіпкерлер зардап шеккен өңірлерге көмек керсетуге дайын

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 07:48

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының кәсіпкерлері жаппай тәртіпсіздіктен шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге көмектесуге әзір. Құрылыс материалдары мен азық-түлікті бір қорға жинап, Алматы және өзге де қалаларға жөнелтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының кәсіпкерлері құрылыс материалдары мен азық-түлікті ғана емес, керек болса жұмыскерлерді де жіберуге дайынбыз дейді. Бұл мақсатта арнайы қор құрылып жатыр екен. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер осы ниеттерін жүзеге асыру үшін аймақ басшылсығымен келіссөздер жүргізуде.

«Қазір тек Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар басқа да облыстарда зардап шеккен адамдар бар және өз тарапынан қарағандылықтардың атынан көмек көрсетуге дайын болу үшін қаржылық материалдық қаражат жинау қоры құрылуда. Тек құрылыс материалдарымен ғана емес, сонымен қатар азық-түлік және қаржы жібереміз. Сондай-ақ Қарағанды облысының периметрі бойынша блокпосттар салынған. Кәсіпкерлер оларға ыстық тамақ бергісі келді. Бірақ полиция мен әскерилерге ол қажет емес екен. Бұл тұрғыда оларда бәрі жақсы», - дейді Қарағанды облысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Ермек Әбілдин.

Қарағандылықтар Оңтүстік өңірге материалдық көмек қана жібермейді, олар тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерге қан тапсырмақ.

«Біз қан тапсырдық. Біз өз отандастарымыз үшін қолымыздан келген көмекті жасаймыз. Бұл мәселеде көбі қуана келісім берді», - деп қосты Ермек Әбілдин.

Жаппай тәртіпсіздіктен Алматы ғана емес, еліміздің 9 өңірі зардап шекті. Жергілікті билік ғимарттары қирап, кәсіпкерлер шығынға батты. Шығын көлемі 93 миллиард теңгені құрады. Ал ҚР ішкі істер министрлігінің дерегінше ұсталғандардың саны 10 мыңға жуықтапты.

Жоғары қарай