Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық оқушы ғарыш қоқысын жинау жүйесін ұсынды

2021 жылдың 3 наурыз 2021 10:21

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика айлығы өтуде. Ғылыми жобалар байқауында 10-сынып оқушысы Георгий Шатов көзге түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушы Жер орбитасынан ұсақ ғарыш қоқыстарын жоюдың жаңа әдісін ұсынды.

«Тақырыптың өзектілігі - ғарыш қоқыстарын жинау үшін роботты жүйелерді құру қажеттілігі. Болашақта ол ғарыш аппараттарын ұшыру кезінде кедергілер тудыруы мүмкін», - деп санайды жоба авторы.

Айлық аясында Назарбаев зияткерлік мектебінде «Не? Қайда? Қашан?» зияткелік ойыны өтті. Сегізінші сынып оқушылары физиканың үздік білгірлері атағы үшін жарысты. Жетінші сынып оқушылары физика пәні бойынша үздік Lapbook (қолдан жасалған кітап) байқауына қатысты.











Жоғары қарай