Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағандылықтар олимпиадашыларға флешмоб арқылы қолдау көрсетті

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 23:25

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері қысқы Олимпиадаға қатысатын Қарағанды облысының спортшыларын қолдау мақсатында флешмоб өткізді. Акцияның бастамашысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Н. Әбдіров атындағы спорт сарайының алдындағы алаңға ЖОО-ның 50 оқушысы жиналды. Студенттер әсерлі би билеп, қарағандылықтарға төрт жылдық басты жарыстарда сәттілік тіледі.




Бұл жолы Қарағанды облысынан Олимпиадаға биатлоншы Владислав Киреев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова қатысады.

Екі спортшының да Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне тікелей қатысы бар. Екатерина Айдова – оның түлегі, ал Владислав мұнда оқуын жалғастыруда.

«Екі спортшы да біздің тәрбиеленушілеріміз. Екатерина мен Владиславтың алдында қиын міндет тұр. Осындай маңызды спорттық жарыста еліміздің намысын қорғау соларға жүктеледі. Оларға лайықты өнер көрсетіп, барынша көп марапат әкелулеріне тілектеспіз. Біз оларға сенеміз!», – дейді ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы қысқы спорт түрлері бойынша ОРМБЖМ басшысы Гүлнар Әліқұлова.

Екатерина Айдова – төрт құрлықтың чемпионы. XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ол 500, 1 000, 1 500 метр қашықтықта конькимен жүгіру спортында үш лицензия жеңіп алды.

Биатлоншы Владислав Киреев – ҚР спорт шебері және жастар арасында Қазақстан мен Азия чемпионы.

Естеріңізге сала кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді. Жарыста Қазақстан намысын 34 спортшы қорғайтын болады.











Жоғары қарай