Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағандының барлық автобусында электронды төлем жүйесі енгізілді

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 11:08

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының барлық автобустарында электронды төлем жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындарына жолақы төлеудің бірнеше нұсқасы ұсынылады:

- ONAY! картасының көмегімен. Атауы ұқсас мобильдік қосымша арқылы (QR-код, тіркеу терминалында көрсетілген көлік коды);

- SMS-төлем (Beeline, Activ/Kcell, Tele2/Altel);

- USSD-кодты пайдалану (Beeline абоненттері үшін);

- қағаз билетті бере отырып, жүргізушіге немесе кондукторға қолма-қол ақшамен төлеу. Бұл нұсқамен қала тұрғындары үшін жолақы бұрынғыдай 80 теңге болып қалады.

ONAY! компаниясы басшылығының айтуынша, жолаушылардың жалпы санының шамамен 45% бүгінде көлік карталарын белсенді пайдалануда.

«Біз қарағандылықтарды көлік карталарына ауысуға шақырамыз. Бұл нақты жолаушылар ағынын қадағалауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Барлық инфрақұрылым біздің электронды жолақы төлеу жүйесінің толыққанды жұмысына дайын», – дейді «Алматы көлік холдингі» ЖШС Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Георгий Когай.







Қалада карталардың төрт түрі бар:

- бірыңғай жолақы 80 теңгені құрайды. Оны кез келген адам барлық сату нүктелерінде растайтын құжаттарсыз сатып ала алады. Қала бойынша олардың саны – 90. Карта құны – 500 теңге;

- жеңілдікті мәртебесі бар азаматтардың 20 санатына тегін жол жүру картасы беріледі. Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің тізілімінде пайдаланушы деректері болуы керек немесе мемлекеттік органнан әлеуметтік карта алуға жолдауы болуы тиіс;

- «Зейнеткер» картасы – зейнетақысы 21 АЕК-тен асатын азаматтарға арналған. Ол бойынша жол жүру құны – 50 теңге;

- «7–15 жастағы балалар» картасы белгіленген жастағы барлық балаларға беріледі. Ол бойынша жол жүру құны 40 теңгені құрайды.

«Зейнеткер» немесе «7–15 жастағы балалар» карталарын алу үшін ЖСН бар фото және жеке басын куәландыратын құжат қажет. Зейнеткерлер атаулы қағаз жол жүру билетін немесе соңғы бірнеше айдағы зейнетақы мөлшері көрсетілген ЗТМО анықтамасын ұсынуы тиіс.

Жеңілдікті карталарды келесі мекенжайлар бойынша орналасқан ONAY! қызмет көрсету және қолдау орталықтарында рәсімдеуге болады:

1. ONAY! қызмет көрсету орталығы, Коммуналды к-сі, 3.

2. Open Karaganda, Назарбаев даңғылы, 39.

3. «Таир» СҮ, Бұқар жырау д-лы, 88/2 бет.

4. «Раха» СҮ, Мұқанов к-сі, 9.

5. «Ұмай» СҮ, Карл Маркс к-сі, 9.

6. Жаңа Майқұдық МҮ, Магнитогорская к-сі, 19.

7. «Молодежный» МҮ, Металлистов к-сі, 24/2 ст.

8. Халық банкінің бөлімшесі, Мануильский к-сі, 17а.

ONAY! карталарын пайдаланушылар интернет-банкинг арқылы да, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы да, сондай-ақ ONAY! мобильді қосымшасы арқылы толтыра алады.

Карта жоғалған жағдайда, ақшаны баланста сақтау үшін оны мобильді қосымшада немесе (8-7212) 50-60-50 телефоны бойынша бұғаттау қажет. Жеңілдікті көлік картасын ONAY! қолдау орталықтарында қайта шығаруға болады.

Ақшаны қайтару үшін, егер карталар мобильді қосымшаға қосылмаған болса, олардың иелері ONAY! қолдау орталығына картаның толтырылғанын растайтын чекті қоса ұсына отырып, өтініш жазуы керек.

Мекенжайлардың толық тізімін және басқа да пайдалы ақпаратты ONAY.KZ ресми сайтынан табуға болады, не болмаса компанияның әлеуметтік желілердегі аккаунттарында немесе сall-орталықта (8-7212) 50-60-50 нөмірі бойынша.








Жоғары қарай