Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қарағандының «Сұрыптау» стансасында өрт шықты

2020 жылдың 23 мамыр 2020 10:03

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының «Сұрыптау» стансасында 12 өрт сөндіруші және екі арнайы техника тілсіз жаумен күресті. Жеке үйдің жанындағы қораның шатыры жанып кетті, өрт жақын тұрған нысандарға таралмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 мамыр күні сағат 12:29-да «101» желісіне «Сұрыптау» стансасындағы өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері сағат 12:38-те келіп жеткен кезде шаруашылық құрылыстар блогында ағаш қора жанып жатқан. Жалынған орнаған қораның шатыры құлаған. Өрттің гараждарға таралу қаупі туындаған.

«Өрт сөндіру барысында қордана 4 газ баллоны шығарылды. Сағат 13: 31-де өрт сөндірушілер гараждарға оттың таралуына жол бермей, жалынды толығымен сөндірді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД №12 (Сұрыптау) және №7 (Майқұдық) өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 12 адам және 2 техника жұмылдырылды.








Жоғары қарай