Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қарақшы нотариус кеңсесіне келіп, әйелдің ақшасы мен алтынын алып кеткен

2020 жылдың 6 маусым 2020 08:40

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы нотариустық кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 маусым күні Петропавл қаласы Жамбыл көшесі бойындағы жеке нотариустың кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен. Бетперде киген ер адам пышақпен қорқытып, әйелдің алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткен.

Облыстық ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, қарақшылық дерегі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмысты ашу үшін қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы түгел жұмылдырылды. Қылмысты «гастролерлердің» бірі жасады деген болжам болды. Осыған байланысты қылмыс жасалған аудандағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, пәтер бюролары, жалға тапсырылған пәтерлер мен саяжай қоғамдастықтары тексерілді.

Нәтижесінде күдікті сол күні-ақ анықталды. Көкшетау қаласының 1996 жылғы тумасы мүліктік қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған. Елдің басқа өңірлеріндегі тәртіп сақшыларына оған қатысты бағдар жолданған.

Полицейлер оны Қарағандыда ұстаған. Ол бұл қалада да қарақшылық жасап, қолға түсті. Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары Қарағанды қалалық полиция басқармасына беру үшін дайындалуда.

Жоғары қарай